Қазақстандық велошабандоз қыздар Түркияда Гран При турнирінде бақ сынады

Түркияда велоспорттан әйелдер арасында Гран При бәсекесі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Olympic.kz аталған жарыстағы қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынды. Қазақстандық Фаина Потапова жарыс қорытындысы бойынша 14-ші орынға жайғасты. Марина Кузьмина болса 15-ші, Жанерке Санақбаева 17-ші болып мәре сызығын кесті.

Ал Светлана Пащенко — 20, Анжела Соловьева 26-шы болды. Айта кетерлігі, велоспорттан Түркиядағы Гран При жарысында өзбекстандық Ольга Забелинская жеңімпаз атанды.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1479 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить