Ақтөбеде партиялар әкім сайлауына өз кандидаттарын тіркеп жатыр
Ақтөбеде ауыл әкімінің сайлауына қатысуға ниеттілер саны арта түсті. Қазіргі кезде партиялардың белсенділігі жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Nur Otan» партиясының облыстық филиалы бір күнде бес үміткерді тіркеді. Алға ауданының Үшқұдық, Мәртөк ауданының Қызылжар, Темір ауданының Ақсай, Саркөл, Тасқопа ауылдарына әкім болуға ниетті кандидаттарды есімін жариялады.
Сонымен бірге «Ақжол» демократиялық партиясы Хромтау ауданының Табантал, «Ауыл» партиясы Алға ауданының Тоқмансай, Үшқұдық, Мәртөк ауданының Қызылжар ауылдарына кандидаттарды тіркеді. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, күн сайын өзін-өзі ұсынғандар да құжат тапсырып жатыр. Алға ауданының Үшқұдық, Мұғалжар ауданының Қайыңды, Темір ауданының Ақсай, Кеңесту, Саркөл, Тасқопа ауылдарының әкімі боламын деген үміткерлер тіркелді. Айта кетейік, Ақтөбенің 12 ауданында да аумақтық сайлау комиссиясы жұмыс істеп жатыр.
Барлығы 35 ауылдың әкімі сайланады. Еске салсақ, 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау туралы Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған болатын.
Ұлттық экономика министрлігі ауыл әкімерін тікелей сайлау қалай өтетіндігін және ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин әкім сайлауына түсетін кандидаттарға қойылатын талаптардың себебін түсіндірді.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Вам может быть интересно: «Диетолог рассказала, какую малину лучше не покупать»