Батыс Қазақстанда сегіз жасар бала суға батып кетті
Батыс Қазақстан облысында сегіз жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 3 шілде күні Ақжайық ауданы Алғабас ауылы шетіндегі Көшім каналында болды.
Сағат 20.00-де сегіз жасар бала шомылуға жабдықталмаған жерде батып кеткен. Оның денесін жергілікті тұрғындар сағат 20.40-та шығарып алды.
Осымен өңірде жыл басынан 13 адам суға кетсе, соның бесеуі — жасөспірімдер. БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға суға түскен кезде қауіпсіздік ережесін ұмытпау керектігін еске салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ер адамның суға батып кеткенін жазған болатынбыз.
Вам может быть интересно: «Диетолог рассказала, какую малину лучше не покупать»