Қарағандылық 100 домбырашы музыкалық челленджді қолдады
ҚазАқпарат – Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды әмбебап ғылыми кітапханасы Instagram-да тікелей эфирде «Сал домбыра, Сарыарқа» челленджінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Байқау 28 маусым мен 3 шілде аралығында өтті және Ұлттық домбыра күніне арналды. 100-ден астам домбырашы челленджді қабылдап, күй, терме, жыр және басқа да музыкалық шығармаларды өз аспаптарында орындады. Қарқаралы, Нұра, Бұқар жырау, Шет, Ұлытау аудандарынан, Балқаш және Қарағанды қалалары мен Топар ауылынан домбыра шеберлері қатысты. Қатысушылардың ең кішісі 8 жаста, ал үлкені 65-те.
Челленджді танымал күйшілер мен дәстүрлі әншілер қолдады. Атап айтқанда, ҚР Күйшілер одағы филиалының жетекшісі Мадияр Сүлейменов, Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің музыканттары Медет Осатаев пен Дәуренбек Аркенов бейнежазба түсірді.
Нәтижесінде қазылар алқасы 70 үздік орындаушыны таңдап алды. Осы айда олардың барлығы кітапхананың әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.
Еске сала кетейік, Домбыра күні Қазақстанда 2018 жылдан бастап шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтеді.
Вам может быть интересно: «Диетолог рассказала, какую малину лучше не покупать»