Алматыда шегірткеге қарсы дәрілеу шаралары жүргізіліп жатыр

Алматыда шегірткеге қарсы дәрілеу шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы 1-4 шілде аралығында жасыл желектерді қорғау мақсатында Алматы қаласының Наурызбай, Алатау, Жетісу, Түрксіб және Медеу аудандарында шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын жүргізуде.

Залалсыздандыру жасыл желектерді зиянкестерден қорғауға және жәндіктердің Алматы аумағына келуіне тосқауыл қою үшін қолға алынды.

Бұл жұмыстар түнгі уақытта, сағат 23:00-ден 05:30-ға дейін жүргізіледі. Қала аумағына шегірткелердің келуіне әсер ететін жерлерде (бос жерлер, жыралар, адамдар тұрмайтын бос учаскелер) жасалады.

Қолданылатын препараттар ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етілген және тұрғындарға, жануарлар мен құстарға зияны жоқ.

Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген аймақтар сигналды жалаушалармен және тақтайшалармен белгіленеді. Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына белгі қойылған жерлерге бармауларын өтінеді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1371 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить