Қарағандыда жаңа су құбыры магистралі іске қосылады

 Қарағандыда Солнечная көшесінен «Западная» сорғыш станциясына дейінгі жалпы ұзындығы 8,4 шақырым магистральдық су тартқышын қолданысқа енгізу жұмыстары аяқталуға жақын.

Ол Әлиханов, Ерубаев, Жауынгер-Интернационалистер көшелерінің, Бұқар жырау даңғылы, Михайловка және Ақтас кенті тұрғындарын сумен қамтамасыз ететін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа магистральдық су тартқышы диаметрі 800 мм полиэтилен құбырларынан жасалған, оның қызмет ету мерзімі – 50 жыл. Құбырларды монтаждау төсемді бұзбайтын технология бойынша арнайы жабдықпен орындалады.

Су құбыры 120 мың тұтынушыға және 2 500 заңды тұлғаға қызмет көрсетеді.

«Құбырлар мен жабдықтарды монтаждаудың технологиялық бөлігі өте күрделі, себебі ол су құбыры, кәріз, жылу трассалары, күштік және әлсіз тоқты желілер арқылы ғана емес, сонымен қатар теміржолдар, қаланың басты көшелері мен алаңдары арқылы өтеді. Сонымен қатар, құбырларды монтаждау барысында анықталған жобадан тыс, қосымша жұмыстар жүргізуге тура келді. Іске асырылып жатқан жобаның күрделілігі бірінші санатқа жатады», – деп атап өтті «Қарағанды Су» ЖШС баспасөз қызметі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1292 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить