Алматыдағы 3 жолайрық құрылысы қашан аяқталады
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы тікелей эфирде салынып жатқан үш жолайрығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұқтырма көшесі — Құлжа тасжолы бойындағы жолайрықтың құрылысы іргелес орналасқан шағын аудандар мен 300 мыңға жуық тұрғыны бар Алматы облысының қала маңындағы елді мекендерін қаланың орталық бөлігіне және Алматы халықаралық әуежайына қолжетімді етуге бағытталған.
Жолайрығының құрылысы Құлжа трактісінің көлік өткізу қабілетін тәулігіне 77 мың көлікке дейін арттырады, ал Бұқтырма көшесіндегі көлік қозғалысы тәулігіне 60 мыңға дейін ұлғаяды.
Жоба бойынша Бұқтырма көшесі бойына (570 м) туннельді бөлігі бар үш деңгейлі жолайрығын, Құлжа трактісі бойына (783 м) эстакадасы бар үш жолақты және олардың қиылысында айналмалы қозғалысты қамтамасыз ететін кіреберістерді салу қарастырылған.
Биыл жекелеген кіреберістер мен бағыттар бойынша көлік қозғалысын ішінара ашу жоспарда. Келесі жылы құрылыс толық аяқталады.
Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесінің қиылысында туннель түріндегі жолайрығы салынуда. Жоба бойынша Сейфуллин даңғылы бойымен көліктің кедергісіз жүруіне арналған жалпы ұзындығы 690 метрлік екі туннель салу қарастырылған.
Жансүгіров көшесі бойында және кіре берістегі көлік қозғалысы жер деңгейінде өтеді. Сондай-ақ, 4 жер үсті жаяу жүргінші өткелінің, тротуарлардың құрылысы, аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарастырылған.
Жолайрықтарының құрылысы қазірдің өзінде аяқталған Назарбаев даңғылын теміржол бойымен өтетін эстакадамен бірге Солтүстік-Оңтүстік көлік ағындарын бөлуге мүмкіндік береді. Сейфуллин даңғылының өткізу қабілеті тәулігіне 65 мың көлікті, Жансүгіров көшесінде тәулігіне 76 мың көлікті өткізетін болады. Жобаны аяқтау 2021 жылдың желтоқсанына жоспарланған.
Рысқұлов даңғылы – Емцов көшесі бойындағы жолайрығы кіре берістер мен бағытттар бар Рысқұлов даңғылы арқылы өтетін көпірді қамтиды. Эстакаданың ұзындығы – 186 метр. Жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы қарастырылған.
Вам может быть интересно: «Камала Харрис заявила, что для демократии необходимо равенство полов»