Алматыда бір тәулікте коронавирустың «дельта» шатамы 36 адамнан анықталды
Алматыда коронавиурстың «дельта» штамының үлесі 78% жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өткен тәулікте Алматыда 46 сынамада мутацияға ұшыраған штамдар бар-жоғы зерттелді. Оның 36-сында «дельта» штамы анықталды. Осылайша, үнді штамының үлес салмағы 78,3 пайызды, сегіз үлгіде «альфа» (ұлыбританиялық) штамы 17,4 пайызды құрайды. Яғни, қоздырғыштар ауысып жатыр», — делінген әкімдік тартқан ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 131 үлгі зерттеліп, олардың 77-сінен ұлыбританиялық штамм, ал 46-сынан үнді штамы анықталған болатын.
Еске салайық, Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполистегі эпидемиологиялық жағдай өте күрделі екенін айтқан болатын.
Вам может быть интересно: «Қазақстанның жемқорлықпен күрес тәжірибесі Ташкенттегі ЭЫҰ отырысында ұсынылды»