Маңғыстаудағы кәсіпкерлік нысандар «Қызыл» аймақтың шектеулеріне сәйкес жұмыс істейді

Маңғыстаудағы кәсіпкерлік нысандар «Қызыл» аймақтың шектеулеріне сәйкес жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті.

Оның айтуынша, кәсіпкерлік нысандар 3 шілдеден бастап «Қызыл» аймақтың талаптарына сәйкес жұмыс істейді.

«23-30 маусым аралығында облыс бойынша коронавирус инфекциясының 265 жағдайы тіркелді. Өткен апталармен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейінің 23 пайызға өскендігі байқалады. Сондықтан мемлекет тарапынан қауіпті індеттің таралуының алдын алу үшін бірқатар шара қолға алынды. Осы орайда тұрғындарды адам көп шоғырланған жерге бармауға, санитарлық ережелерді ұстануға шақырамын», — деді Ғазиз Надуев.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1389 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить