Алтай Көлгінов: Қазір эпидемиологиялық жағдай күрделі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың қиындай түскенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазір эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Маусым айының басында ауру жұқтыру саны төмендеген еді, тәулігіне шамамен 100-110 жағдай анықталатын және «қызыл» аймақтан шығуымыз керек еді. Бірақ «Дельта» штамы пайда болып, қазір ауру күрт өскенін байқап отырмыз. Бүгін 678 жағдай тіркеліп отыр. Санитарлық дәрігерлер қосымша шектеу шараларын қабылдады. Бұл мәжбүрлі шара. Біз денсаулық сақтау жүйесін айтарлықтай жаңғырттық», — деді А. Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қаладағы 14 стационарда 2 мың төсек-орын болса, оның 75%-ында науқастар жатыр.
«Күн сайын Нұр-Сұлтан стационарларына 200-ге жуық науқас түседі. Зертхана саны 2-ден 27-ге дейін ұлғайтылды. Пандемия басында тест көп жүргізілмейтін, ал қазір тәулігіне 10 мыңға дейін тест жасалады», — деді елорда әкімі.
Вам может быть интересно: «Қазақстанның жемқорлықпен күрес тәжірибесі Ташкенттегі ЭЫҰ отырысында ұсынылды»