Ақтауда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады

Ақтауда бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталды және 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өйткені, оқу жылы 1-қыркүйектен басталатынына қарамастан, баланы мектебі бойынша анықтау шарасын ата-аналар алдын ала ойластырған жөн.

Жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныптарына алты жасқа толған балалар және ағымдағы жылы алты жасқа толатын және жеті жастағы балалар қабылданады. Яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар бірінші сыныпқа бара алады, себебі жылдың соңына дейін олар толық алты жасқа толады және мектепке қабылдануға құқығы бар.

Баланың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері оқыту үшін кез-келген білім беру ұйымдарын таңдауға құқылы.

Биыл мектепке қабылдау 3:1 принципі бойынша жүзеге асырылады. Мектеп өз аумағының 3 баласын қабылдайды, төртінші қылып басқа аумақ баласы қабылданады.

«Мектептер білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын балаларға қолдау көрсетеді. Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау кезінде оқу орнының басшылығы түсушілер мен олардың ата-аналарын қабылдау ережелерімен, жарғы мен оқу үрдісін реттеуші өзге де құжаттармен таныстыруы қажет. Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан, тестілеу, сынақтар, байқау жүргізілмейді»,- деді Маңғыстау облысы білім басқармасы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Клара Құлатаева.

Осы оқу жылында 19 мың бала 1 сыныпқа қабылданады деп жоспарланып отыр. Сәуір, мамыр, маусым айларында 13 мың бала қабылданды. Бір ай уақыт ішінде 100% бала мектепке қабылдануы керек.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1418 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить