Алматы әуежайында «қызыл» мәртебесі бар 171 жолаушы анықталды
Алматы әуежайында «қызыл» мәртебесі бар 171 жолаушы анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салтанат Лесбаева брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, «Ashyq» жобасы арқылы індеттің таралуының алдын алуға болады.
«Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында 252 оқиға, ал Алматы қаласының әуежайында 171 оқиға тіркелді. Онда азаматтардың мәртебесі оң болып шықты. Соған қарамастан олар ұшуға тырысқан. Ал «Аshyq» жобасы кем дегенде 15 мың қазақстандықтың өмірін індеттен қорғап қалды», — деді Салтанат Лесбаева.
Сонымен қатар, ол оқшаулауға жататын келушілер анықталған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары оларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы екенін атап өтті.
«Ең абзалы, карантин шараларын қатаң сақтап, адамдар көп шоғырланатын орындарға қажет болмаса бармаған жөн. Санитарлық дәрігерлер маска қолданып, қашықтықты сақтауды ұсынып отыр. Осы талапты азаматтар естен шығармаса екен»,- дейді ол.
Вам может быть интересно: «Қазақстанның жемқорлықпен күрес тәжірибесі Ташкенттегі ЭЫҰ отырысында ұсынылды»