Жалдамалы қызметкердің орташа айлық жалақысы қанша

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 2020 жылғы жалдамалы қызметкердің орташа айлық жалақысын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылға бір қызметкердің орташа тоқсандық атаулы жалақысы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алғанда 196 701 теңгені құрады. Өткен жылға орташа айлық атаулы жалақы индексі 112,5 пайыз, нақты көріністе 105,3 пайыз болды», — делінген бюро ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, өткен жылы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы ауыл, орман және балық шаруашылығында — 116 597, өнеркәсіпте — 251 095, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда — 428 447, өңдеу өнеркәсібінде — 198 603, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда — 186 426, сумен жабдықтау,-кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда — 121 756, құрылыста — 173 822, көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуде — 181 536, көлік және қоймалауда — 228 402, тұру және тамақтану бойынша қызметтерінде — 132 534, ақпарат және байланыста — 278 318, қаржы және сақтандыру қызметінде — 360 811, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда — 136 173, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте — 286 825, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметте — 172 392, мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуде — 185 666, білім беруде — 165 292, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерде — 175 484, өнер, ойын-сауық және демалыста — 163 552, өзге де қызметтер түрлерін ұсынуда 166 513 теңге болды.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары орташа айлық жалақы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алғанда Атырау облысында 338 236 теңгені, ал ең аз орташа айлық жалақы Шымкент қаласында 140 179 теңгені құрады.


 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1159 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить