Алматыда коронавирус балалар мен қарттар арасында көп тарап жатыр – Бекшин
Алматыда балалар мен қарттар арасында жұғу дерегі көбейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстанда эпидахуалды бақылап отыратын ASHYQ қосымшасы тек кәмелетке толғандар үшін ғана қолжетімді.
Брифинг барысында БАҚ өкілдері Ресейде балалар қоғамдық орындарға бармас бұрын тексеруден өтуіне қатысты іс-шаралар қабылданғанын айтты.
Бізде балаларға қатысты мұндай шаралар қабылдануы мүмкін бе деген сұраққа Алматының бас санитарлық дәрігері былай деп жауап берді:
«Бізде бұл мәселе әлі қарастырылған жоқ. Мысалы, 5 жасқа дейінгі балаларға маска кию режимі енгізілген жоқ. Бұрын індет туралы балаларға қатысты сөз аз қозғалды. Қазіргі жағдайды қарасақ, бір апта ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурудың таралуы 4%-ға артқан. Ал 60 жастан асқандардың арасында 6%-ға көбейген. Бұл жаңа пайда болған штамның қаншалықты патогенді екендігін көрсетіп отыр», — деді Жандарбек Бекшин.
Сондай-ақ, бас санитарлық дәрігердің айтуынша, балалардың ауруға шалдығуы көбейсе, бұл деректер ASHYQ қосымшасына енгізілуі мүмкін.
Вам может быть интересно: «Қазақстанның жемқорлықпен күрес тәжірибесі Ташкенттегі ЭЫҰ отырысында ұсынылды»