Қазақстан қанша балық өнімін импорттайды

2020 жылы Қазақстан 35,7 мың тонна көлемінде балық өнімін экспорттады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балық ресурстарының табиғи қорларының тұрақты жай-күйінің арқасында 2020 жылы 47 мың тонна балық ауланған. Өз кезегінде, шикізаттың болуы 75 млн АҚШ доллары сомасына 35,7 мың тонна көлемінде балық өнімдерін өңдеуге және экспорттауға мүмкіндік берді. Балық өнімдерінің импорты 72,1 млн АҚШ доллары сомасына 43,6 мың тоннаны құрады, бұл ретте импорттың негізгі бөлігі мұхит балығы мен теңіз өнімдері», — деді Н. Жүнісов Орталық коммуникациялар қызметінде.


Бұдан бұрын хабарланғандай, балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы аясында балық қсіру қай деңгейде артатыны айтылды.

«Бағдарламада қолда бар әлеуетті ескере отырып, 2030 жылға қарай өсірілген балық көлемін жылына 270 мың тоннаға дейін ұлғайту міндеті қойылған. Өсіру көлемін ұлғайту балық өсіруге жарамды су айдындарын пайдалану, сондай-ақ жаңа инвестициялық индустриялық балық өсіру жобаларын іске асыру және жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарды жобалық қуатына дейін жеткізу есебінен жоспарланып отыр», — деді комитет басшысы.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1712 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить