Қазақстанда Өнеркәсіптің жай-күйі туралы ұлттық баяндама әзірленеді

 Қазақстанда Өнеркәсіптің жай-күйі туралы ұлттық баяндама әзірленеді. Бұл туралы Мәжілістегі дөңгелек үстел барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ержан Аманизяов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкіметтік нұсқада Өнеркәсіптің жай-күйі туралы ұлттық баяндама көзделмеген. Бірақ, онда индустриялық ахуалды бағалау бар. Депутаттармен түзетулерді жұмыс тобында талқылау барысында индустриялық ахуал мен өнеркәсіптің дамуын бағалауды бір құжатқа топтастырамыз деп шештік. Және де Өнеркәсіптің жай-күйі туралы ұлттық баяндамаға түзетулер енгізілді әрі ҚР Президентінің қарауына ұсынылады», — деді Аманияз Ержанов.

Оның атап өтуінше, енгізілген түзетулерге сәйкес, Ұлттық баяндама екі аналитикалық дереккөзге, атап айтқанда, индустриялық дамуды бағалау мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру іс-шараларының тиімділігін бағалауға негізделеді.

«Түптеп келгенде Ұлттық баяндама мемлекеттік жоспарлау жүйесінде құжаттар қалыптастыру үшін негіз болады және өзіне Ұлттық экономика министрлігі айналысатын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің барлық мәселелерін дайындау барысында бүкіл сұрақтарды қамтиды. Сонымен қатар Ұлттық жобада орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге арналған өнеркәсіптік саясатттың басымдықтары мен бағыттарын көздейді», — деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, Ұлттық баяндама дөңгелек үстелдерде, қоғамдық кеңестерде, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңдарында жан-жақтыталқыланатын болады.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте «Өнеркәсіптік саясат туралы» жаңа заң жобасы талқыланған еді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2890 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить