Адам жанының арашасы: Қазақстанда неше дәрігер жұмыс істейді
Елбасы кітапханасында Медицина қызметкерлері күніне орай «Адам жанының арашасы» атты салтанатты кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шараға Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Нұрсұлтан Назарбаев қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы, Ұлттық нейрохирургия орталығығынң басқарма төрағасы Серік Ақшолақов, Парламент Мәжілісінің депутаты Лариса Павловец, University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пя және басқа да ғылыми медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесуді ашқан Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат пандемиямен күрестегі дәрігерлердің өлшеусіз еңбегіне тоқталды.
«Әр адамның дертіне шипа, жанына дауа сыйлайтын абзал жандардың ерен еңбегін жоғары бағалаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев маусым айының үшінші жексенбісін Медицина қызметкерлері күні деп бекіткен болатын. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда тиімді денсаулық сақтау саласы қалыптасты. Оны ұйымдастыру, басқару және қаржыландыру жүйесі реформаланды. Осының арқасында көрсетілетін қызметтің сапасы артты. Тұңғыш Президентің бастамасымен ел астанасында медициналық кластер құрлып, салаға ауқымды өзгеріс әкелді. Посткеңестік кеңістікте алғаш рет ұйымдастырылған кластер заманауи ғылымның жетістіктерін енгізіп, емдеу мен даигностиканың менеджментін халықаралық стандарттар бойынша трансформациялады. Бүкіл әлемге әйгілі университеттермен, клиникалармен әріптестік орнату арқасында бірлескен ғылыми зерттеулер, жобалар іске асырылды», — деп атап өтті кіптахана басшысы.
Сондай-ақ, ол пандемиямен күрестің алғы шебінде жүріп көз жұмған мамандарды еске алды.
«Осынау қиын кезеңде вирус бірталай медицина қызметкерінің өмірін қиып кетті. Адам баласына тән мүмкіндігін сарқа пайдаланып, ақтық демі қалғанша аурумен күрескен марқұмдардың көбі — өз ісінің үздіктері болған еді. Дәрігерлерміз Гиппократ өсиетіне адалдық танытып, өздерін патриот ретінде көрсете білді. Өздері өртенсе де, өзгелерге өмір сыйлады. Сондықтан олардың есімі жүрегімізде сақталады. Бүгін осы кездесуге онлайн байланыс арқылы болашақ дәрігерлер де қатысып отыр», — деді Бақытжан Темірболат.
Ресми дерек боынша, Қазақстанда мемлекеттік нысандағы 496 аурухана мен 1955 амбулаториялық-емханалық ұйым жұмыс істейді.
Онда 207 мыңға жуық медицина қызметкері, оның ішінде 55 мыңға жуық дәрігер еңбек етіп жүр.
Вам может быть интересно: «Полосу «Bus Lane» запустят еще на двух улицах столицы»